«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі Ақпарат. "Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ 2020 жылға арналған нақтыланған бюджет жобасына жоспарланған шығындары туралы. 27 наурыз 2020 жыл

Ақпарат. "Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ 2020 жылға арналған нақтыланған бюджет жобасына жоспарланған шығындары туралы. 27 наурыз 2020 жыл

Опубликовано: 27 марта 2020

459001015 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясатын қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша факторлық-балдық шкала негізінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге байланысты 12 мемлекеттік қызметкердің еңбекақы қорын ұлғайту бойынша қосымша 25340,0 мың теңге сомасында шығыстар жоспарланады (ҚР Үкіметінің 18.02.2020 жылғы № 68 қаулысы).

Тікелей нәтиже: бөлім қызметін 100% қамтамасыз ету.

Түпкі нәтиже: қызметкерлерге уақытылы жалақы төлеу

459015015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында бөлім үшін автокөлік сатып алу шығындарын 3521,0 мың теңгеге азайту жоспарлануда, себебі шығындарды жоспарлау кезінде "бірыңғай сатып алу терезесі"веб-порталы есептеген медиандық баға қолданылды.

Тікелей нәтиже: мемлекеттік органның материалдық - техникалық базасын нығайту.

Түпкі нәтиже: бөлім үшін қызметтік автокөлік сатып алу.