«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы

Опубликовано: 08 января 2020

           Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы  № 183 қаулысына  сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандардың жетпіс есе айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы немесе 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 2020 жыл жағдайы бойынша 265 100 теңге және тұрғын үй сатып алу немесе салуға сатып алынатын немесе салынатын жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы 1500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі немесе 2020 жыл жағдайы бойынша 3 976 500 теңгеге дейін бюджеттік кредит алуға мүмкіндігі бар. Мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге жылдық 0,01% мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен ұсынылады.

           Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге мiндеттемелер қабылдайды.

           Бұл мемлекеттік қызмет 2009 жылдан көрсетіліп келеді, 2009-2019 жылдар аралығында 7 млн.033,1 мың теңге жалпы сомасында көтерме жәрдемақы 48 маманға ұсынылды, оның ішінде 38 алушы білім саласының мамандары, 2 алушы  мәдениет саласының мамандары және 8 алушы агроөнеркәсіптік кешен  мамандары. Тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 32 млн.552,7 мың теңге 10 маманға ұсынылды, оның ішінде білім және мәдениет саласынан 6 маманнан және 4 алушы агроөнеркәсіптік кешен мамандары.

           2020 жылға жалпы сомасы 1060,4 мың теңге көтерме жәрдемақы 4 маманға, тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 7 млн.953 мың теңге бюджеттік кредит 2 маманға қарастырылған. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін өтініш қабылдау мен қызмет нәтижесін беру:

жергілікті атқарушы орган «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ мекенжайы: 100602, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 каб.413

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, www.gov4c.kz арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының  «Электрондық үкімет» порталы, www.еgov.kz  арқылы ала аласыз.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

          Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған немесе олар Мемлекеттік корпорациядан түскен сәттен бастап:

      көтерме жәрдемақы төлеу – 27 (жиырма жеті) жұмыс күні ішінде;

      тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік кредит беру – 47 (қырық жеті) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

       Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз жүзінде.

       Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім жасасу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту немесе есепке және кезектілікке қою туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге (мекенжайы және байланыс деректері көрсетілген) Келісім жасасу үшін жүгінуі қажет екені туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту немесе есепке және кезектілікке қою туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.

      Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

     мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);

      аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);

      3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

      маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

      кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

      кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

      берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

     мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

     мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      сатып алатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (2008 жылға дейін некеге тұрған жағдайда);

      3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

     мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (2008 жылға дейін некеге тұрған жағдайда);

      маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

      кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

      кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

      берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқада және көшірмелерімен ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берілген күні қайтарылады.

      «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша туындаған барлық сұрақтар бойынша Электронды үкімет еgov.kz Бірыңғай байланыс орталығы 1414 және 8-800-080-7777 телефоны арқылы (қоңырау шалу тегін) немесе 100602 индексі бойынша Жезқазған қ., Алаш алаңы,1, 413 кабинет, 73-38-04 телефоны бойынша «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не хабарласа аласыз.