«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Әлеуметтік қолдау - қомақты

Әлеуметтік қолдау - қомақты

Опубликовано: 01 июня 2019

Мемлекет ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көмек беруге дайын.

Мамандар деп отырғанымыз төмендегі ұйымдар түлектері:                                                                                               

1) жоғарғы білім беру;

2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

3) техникалық және кәсіптік білім беру;

4) денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру.

Сонымен қатар, мемлекеттің көмек беруге дайын мамандар қатарына қалаларда және басқа да елді мекендерде тұратын және ауылдық елді мекендерге тұруға және жұмыс істеуге ниет білдірген көрсетілген білімдері бар тұлғалар  (түлектер ғана емес, Отанымыздың ересек әрі саналы азаматтары) да жатады. Мысалы, Сіз қаладағы кептелістерден шаршаған, әрі ауыл балаларына білім бергісі келген қала мұғалімі болсаңыз, әлеуметтік көмекті  ала аласыз.

Әлеуметтік көмек шаралары көтерме жәрдемақы (100 АЕК немесе 252 500 теңге) және тұрғын үй сатып алу немесе салуға (сатып алынатын немесе салынатын жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы) бюджеттік кредит (1500 АЕК-ге дейінгі немесе  3 787 500 теңгеге дейін) түрінде ұсынылады.  Мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге жылдық 0,01% мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесі бойынша ұсынылады.

           Ағымдағы жылы көтерме жәрдемақы білім саласының 5 маманына, агроөнеркәсіптік кешен саласының бір маманына, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит білім саласының 2 маманына ұсынылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін өтініш қабылдау мен қызмет нәтижесін беру: жергілікті атқарушы орган «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ мекенжайы: 100602, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 каб.413

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, www.gov4c.kz арқылы жүзеге асырылады.

          «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша туындаған барлық сұрақтар бойынша Электронды үкімет еgov.kz Бірыңғай байланыс орталығы 1414 және 8-800-080-7777 телефоны арқылы (қоңырау шалу тегін) немесе 100602 индексі бойынша Жезқазған қ., Алаш алаңы,1, 413 кабинет, 73-38-04 телефоны бойынша  «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не хабарласуға болады.

 Барынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасының электронды үкімет порталы немесе «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің                       веб-сайтынан алуға болады.

 

 

«Жезқазған қаласының экономика және

қаржы бөлімі « ММ басшысының міндетін атқарушы                                   М.Лекерова