«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Бюджет «2020-2022  жылдарға  арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» қалалық  мәслихаттың сессиясы шешімінің жобасына түсіндірме жазба

«2020-2022  жылдарға  арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» қалалық  мәслихаттың сессиясы шешімінің жобасына түсіндірме жазба

Опубликовано: 06 декабря 2019

Қалалық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын ескеріп, Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне, Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамына сәйкес әзірленді.   

Бюджет жобасы қаланың әлеуметтік және экономикалық саясатының негізгі бағыттарын көрсетеді.

 Үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасы алдыңғы жылдардың кірістер түсімдерінің серпініне, ең кіші есептік көрсеткіштің ұлғаюына, еңбекақы төлемі қорының ұлғаюына, инфляция коэффициентіне сәйкес есептелді.  

Үш жылдық кезеңге арналған кірістер бойынша параметрлер келесі көлемде болжамдалды:

 

        2020 жыл                                  2021 жыл                          2022 жыл

кірістер -12 909 698 мың теңге  13 295 638 мың теңге     13 600 415 мың теңге

 

Қалалық бюджеттің 2020 жылға арналған түсімдер құрамында:

салықтық түсімдер- 9 млрд.694 млн.914 мың теңге көзделді.

          Салықтық түсімдер құрамында түсімдердің көп бөлігі реттелетін салықтар әлеуметтік және төлем көзінің кірісіне салынатын жеке табыс салығынан тұрады, оның ішінде:

Салықтық емес түсімдер 2019  жылғы түсімдерді бағалаудан және 7% индекстеуді ескерумен 77 млн.860 мың теңге көлемінде есептелді.

2020 жылға негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 44 млн.349 мың теңге сомасында болжанып отыр.

Сонымен қатар, қалалық бюджеттің кіріс бөлігінде жалпы сипттағы трансферттер бойынша түсімдер ескерілген:

      2020 жыл                                    2021 жыл                               2022 жыл

субвенция -3 092 575 мың теңге  2 396 619 мың теңге      1 743 433 мың теңге

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің шығыс бөлігінің параметрлері келесі көлемде болжанды:

 

     2020 жыл                                      2021 жыл                               2022 жыл

шығындар -12 736 918 мың теңге 13 152 238 мың теңге  13 600 415 мың теңге

 

Бірінші кезектегі шығындар толық көлемде ескерілді және 6 900 609 мың теңгені құрайды, 2020 жылға шығыстардың жалпы көлеміндегі үлесі 54,2%, оның ішінде:

 аударымдарымен еңбекақы қоры-5 612 037 мың теңге;

коммуналдық қызметтер-310 007 мың теңге;

байланыс қызметі-57 849 мың теңге;

жалпы білім беру қоры-159 497 мың теңге;

оқушылардың жеңілдікпен жол жүруі- 31 340 мың теңге;

тамақтану -17 488 мың теңге;

оқулықтар сатып алу және жеткізу-148 536 мың теңге;

әлеуметтік төлемдер -563 855 мың теңге.

Әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар үлесі шығыстардың жалпы көлемінің 67,1% немесе 8 552 778 мың теңгені құрайды,                                2019 жылдың сәйкес деңгейіне 137,3% (2019 ж.-6 228 803 мың теңге).

7 133 949 мың теңге білім беру саласының шығыстарына көзделген, шығыстардың жалпы көлемінің 56%, 2019 жыл деңгейіне 141,5% (2019 жыл-5 040 558 мың теңге).

831 630 мың теңге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар шығыстарына көзделді, шығыстардың жалпы көлемінің 6,5%, 2019 жыл деңгейіне 156,6% (2019 жыл-531 070 мың теңге).

587 199 мың теңге мәдениет, спорт және ішкі саясат  шығыстарына көзделді, шығыстардың жалпы көлемінің 4,6%, 2019 жыл деңгейіне 89,3% (2019 жыл-657 175 мың теңге).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарына бағытталған шығыстар үлесі шығыстардың жалпы көлемінің 16,3% немесе 2 073152 мың теңгені құрайды                                 2019 жыл деңгейіне 131,2% (2019 жыл-1 580 005 мың теңге).

Жезқазған қаласының даму бюджетіне бағытталған шығыстар үлесі шығыстардың жалпы көлемінің 8,6% немесе 1 098 183 мың теңгені құрайды                                 (2019 ж. деңгейінен 10 есе көп (2019 жылы-104 042 мың теңге).

Жергілікті атқарушы органның резерві төмендегіні құрайды:

     2020 жыл                           2021 жыл                               2022 жыл

184 000 мың теңге;              205 624 мың теңге;            224 784 мың теңге;

 

          2020 жылдан бастап Талап ауылдық округі мен Сарыкеңгір ауылдық округіне бюджеттің 4 деңгейі енгізіледі.

       Ауылдық округтер бюджеттеріне субвенциялардың мөлшері 121 662 мың теңге сомасында қарастырылды, оның ішінде:

      Кеңгір ауылдық округіне– 42054 мың теңге;

      Талап ауылдық округіне– 37710 мың теңге;

      Сарыкеңгір ауылдық округіне– 41898 мың теңге.

     Алдын алғы параметрлерге сәйкес үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасы трансферттерсіз келесіні құрайды:

2020 жыл:

І.Түсімдер-12 млрд. 909 млн.698 мың теңге;

ІІ.Шығыстар- 12 млрд. 736 млн.918 мың теңге;

ІІІ. Субвенция мөлшері – 3 млрд. 092 млн.575 мың теңге.

2021 жыл:

І.Кірістер-13 млрд.295 млн. 638 мың теңге;

ІІ.Шығыстар- 13 млрд.152 млн. 238 мың теңге;

ІІІ. Субвенция мөлшері – 2 млрд. 396 млн. 619 мың теңге.

2022 жыл:

І.Кірістер-13 млрд.600 млн.415 мың теңге;

ІІ.Шығыстар- 13 млрд.600 млн.415 мың теңге;

ІІІ. Субвенция мөлшері – 1 млрд. 743млн. 433 мың теңге.

 

 

«Жезқазған қаласының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                          В.Ставицкая