«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Проекты НПА Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын 2019 жылы көрсету туралы Түсіндірме жазба

Түсіндірме жазба

Опубликовано: 04 января 2019

        «Ауылдық елді  мекендерге  жұмыс  істеу  және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт  және  агроөнеркәсіптік кешен саласындағы  мамандарға  әлеуметтік  қолдау  шараларын  ұсыну мөлшерін айқындау  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183  қаулысына сәйкес ауылдық елді  мекендерге  жұмыс  істеу  және тұру үшін келген мамандарға  әлеуметтік  қолдау  шаралары:

       жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы (2019ж АЕК – 2525 теңге *70= 176750 теңге);

       тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін  әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит (2019ж АЕК – 2525 теңге*1500 = 3787500теңге)  түрінде ұсынылады.

       2019 жылға ауылдық елді  мекендерге  жұмыс  істеу  және тұру үшін келген мамандарға, әлеуметтік  қолдау  шараларын ұсыну үшін  2 маманға тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 7 млн. 575 мың теңге бюджеттік кредит және  5 маманға 884 мың теңге көтерме жәрдемақы қаралды.       

 

 

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                           В.Ставицкая