«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Бюджет Архив 2019-2021 жылдарға арналған Кеңгір аууылдық округінің бюджетін жоспарлау туралы ақпарат

2019-2021 жылдарға арналған Кеңгір аууылдық округінің бюджетін жоспарлау туралы ақпарат

Опубликовано: 14 декабря 2018

«2019-2021  жылдарға  арналған Кеңгір ауылдық округінің бюджеті туралы» қалалық  мәслихаттың сессиясы шешімінің жобасына түсіндірме жазба

Кеңгір ауылдық округінің бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын ескеріп, Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес әзірленді әрі алдыңғы жылдардың кірістер түсімдерінің серпініне, ең кіші есептік көрсеткіштің ұлғаюына, еңбекақы төлемінің қорының ұлғаюына, инфляция коэффициентіне сәйкес есептелді.  

Үш жылдық кезеңге арналған кірістер бойынша параметрлер келесі көлемде болжанды:

 

     2019 жыл                         2020 жыл                               2021 жыл

кірістер -51 744 мың теңге     45 002 мың теңге                44974 мың теңге

 

2019 жылға арналған Кеңгір селолық округінің бюджетінің түсімдер құрамында көзделді:  

салықтық  түсімдер 4 млн.024 мың теңге.

Сонымен қатар, селолық округ бюджетінің кіріс бөлігінде трансферттер бойынша түсімдер ескерілген:

 

     2019 жыл                                2020 жыл                               2021 жыл

субвенция – 46 567 мың теңге       40 697 мың теңге                  40 410 мың теңге

нысаналы трансферттер-1 153 мың теңге.

 

1 153 мың теңге сомасындағы нысаналы трансферттер республикалық бюджеттен ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бөлінді.

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің шығыс бөлігінің параметрлері келесі көлемде болжанды:

 

     2019 жыл                                     2020 жыл                               2021 жыл

шығындар – 51 744 мың теңге           44 176 мың теңге                44  151 мың теңге

 

Кеңгір селолық округінің бюджетінің  жобасы тұрғындар алдындағы атқарушы биліктің ағымдағы барлық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Кеңгір селолық округінің бюджетінің  2019 жылғы шығыстары 51 744 мың теңге сомасында жоспарланды, оның ішінде бірінші кезектегі шығыстары толық көлемде ескерілді (аударымдарымен еңбекақы төлемі, коммуналдық қызметтер және байланыс, әкімшілік қызметшілердің іссапар шығындары және т.б.).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бойынша іс-шаралар шығыстары 14млн.108 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

         «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға 2 млн.400 мың теңге көзделді.

Үш жылдық кезеңге арналған селолық округ бюджеті көлемінің параметрлері келесіні құрайды:

2019 жыл:

І.Кірістер- 51 млн. 744 мың теңге;

ІІ.Шығыстар- 51 млн. 744 мың теңге;

ІІІ. Субвенция мөлшері – 46 млн.567 мың теңге.

2020 жыл:

І.Кірістер- 45 млн. 002 мың теңге;

ІІ.Шығыстар- 45 млн. 002 мың теңге;

ІІІ. Субвенция мөлшері – 40 млн. 697 мың теңге.

2021 жыл:

І.Кірістер- 44 млн. 974 мың теңге;

ІІ.Шығыстар- 44 млн. 974 мың теңге;

ІІІ. Субвенция мөлшері – 40 млн. 410 мың теңге.

 

«Жезқазған қаласының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                              В.Ставицкая