«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Бюджет Архив Жезқазған қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін жоспарлау туралы ақпарат

Жезқазған қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін жоспарлау туралы ақпарат

Опубликовано: 14 декабря 2018

«2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық  мәслихаттың сессиясы шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 

          Қалалық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын ескеріп, Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне, Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамына сәйкес әзірленді әрі әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын көрсетеді.   

Үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасы алдыңғы жылдардың кірістер түсімдерінің серпініне, ең кіші есетік көрсеткіштің ұлғаюына, еңбекақы төлемінің қорының ұлғаюына, инфляция коэффициентіне сәйкес есептелді.  

 

        2019 жыл                                  2020 жыл                               2021 жыл

кірістер -8 065 280 мың теңге    8 166 168 мың теңге     8 256 553 мың теңге

 

Қалалық бюджеттің 2019 жылға арналған түсімдер құрамында салықтық түсімдер- 7 млрд.982 млн.694 мың теңге көзделді.

          Салықтық түсімдер құрамында түсімдердің көп бөлігі реттелетін салықтар әлеуметтік және төлем көзінің кірісіне салынатын жеке табыс салығынан тұрады, оның ішінде:

Реттелетін салықтар бойынша норматив 50% мөлшерінде белгіленген.

Салықтық емес түсімдер 2018  жылғы түсімдерді бағалаудан және 7% индекстеуді ескерумен 39 млн.077 мың теңге көлемінде есептелді.

2019 жылға негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 43 млн.509 мың теңге сомасында болжанып отыр.

Сонымен қатар, қалалық бюджеттің кіріс бөлігінде трансферттер бойынша түсімдер ескерілген:

      2019 жыл                                    2020 жыл                               2021 жыл

субвенция -1 064 041 мың теңге   1 101 282 мың теңге        1 139 827 мың теңге

 

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің шығыс бөлігінің параметрлері келесі көлемде болжанды:

 

     2019 жыл                                      2020 жыл                               2021 жыл

шығындар -13 254 841 мың теңге    9 267 450 мың теңге       9 396 380 мың теңге

 

Қалалық бюджеттің жобасы тұрғындар алдындағы атқарушы биліктің ағымдағы барлық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді және әлеуметтік сипатқа ие. Сонымен қатар, бюджет жобасына Қарағанды облысының Жезқазған,  Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-эконоикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары мен  Жезқазған қаласын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен көзделген шығыстар енгізілді.

2019 жыл Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жастар жылы деп жарияланды, сонымен қатар қаланың мерейтойлық жылы. Бұл мақсаттарға бюджетте оларды іске асыру бойынша шығыстар көзделген.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының ең төменгі жалақы мөлшерін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 есеге, 28 мың теңгеден 42,5 мың теңгеге дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында республикалық бюджеттен 232 млн.033 мың теңге сомасында шығыстар көзделген. Нәтижесінде, бұл 1826 азаматтық қызметшілер мен мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсету мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер үшін жалақының өсуіне алып келеді.

Қалалық бюджеттің 2019 жылғы шығыстары 16 666 525 мың теңге сомасында жоспарланды, оның ішінде күрделі сипаттағы шығыстар-1 063 949 млн.теңге, даму бюджеті-6 млрд.471 млн. 237 мың теңге, жергілікті атқарушы органның резерві-49 585 мың теңге.

Бірінші кезектегі шығындар толық көлемде ескерілді және 5 357 066 мың теңгені құрайды: (еңбекақысы аударымдармен-4 243 128 мың теңге, коммуналдық қызметтер-289 784 мың теңге, тамақтану-22 413 мың теңге, жалпыға міндетті білім беру қоры-103 087 мың теңге (аз қамтылған отбасыларындағы балаларды тамақтандырумен қамтамасыз ету- 1-4 сынып), оқушылардың жеңілдікпен жол жүруі-31 344 мың теңге, әлеуметтік төлемдер-327 870 мың теңге, оқулықтарды сатып алу және жеткізу-199 013 мың теңге, байланыс қызметіне ақы төлеу-44 698 мың теңге және т.б.)

Капиталдық шығындарға 1 143175 мың теңге қаралған (2018 жылғы нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 26,5%-ға артық (2018 ж.- 903,696 мың теңге):

Қаланың мектептері үшін  төмендегідей шығындар қаралған:

- компьютерлер жиынтығы (529 дана)-151 664 мың теңге;

-5-9 сынып оқушылары үшін жеке шкафтар (183 дана)-5 739 мың теңге;

- 4 көпфункционалды хоккей кортының ашылуы (4 дана)-48 000 мың теңге;

-жаңа түрлендірілген кабинеттер- (биология-6 д. физика-7 д.,химия-6 д., мультимедиялық кабинет-8 д.,  қыздарға арналған технологиялар-13 д., ер балаларға арналған технологиялар- (БӘД 6д.)-278 167 мың теңге;

-робототехника-(8/б)-30 045 мың теңге;

-парта (979 жиынтық)-18 112 мың теңге;

- 3-жармалы тақта (109 д.)-3 935 мың теңге;

-4 секциялы шкаф (1220 б.)-38 259 мың теңге;

- мектептердің  асханаларына арналған жабдықтар (  6 орындығымен  асхана  столы 280 комплект, электр плитасы 6 дана, ас үй жабдықтары 13 дана, түскі ас үстелі 6 орындығымен  95 дана, қуыру шкафы 6 дана, тоңазытқыш шкаф 6 дана, мұздатқыш шкаф 6 дана, мармит 6 дана, ыдыс жуатын  ванна 6 дана.)-32215 мың теңге;

-1Т-кабинеттері- 2 мектепке (№7,9)-32 720 мың теңге;

-мектептер үшін спорттық жабдықтар-10 506 мың теңге;

-қала мектептері үшін су диспенсерлері (159 дана)-7 155 мың теңге;

-№7,24,26 мектептердің  күрделі жөндеуіне ЖСҚ дайындау-8 599 мың теңге;

- шатырларды күрделі жөндеу (№2 Кеңгір ОМ, №13 ОМ, №14 Талап с.ОМ,-135 311 мың теңге;

-мектептер мен балабақшалар үшін бейнебақылау- 21 392 мың теңге;

- екі (2) 12 қанатты кигіз үй-9 000 мың теңге;

-кітапханалар үшін кітаптар сатып алу-3000 мың теңге;

- мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары –( кеңсе жабдықтары, кондиционер-3 дана, түрлі-түсті принтер-2 дана, моноблок, компьютер жиынтығы-4 дана, принтер-15 дана,  КФ автокөлік дөңгелегі-5 дана, қағаз түптеу машинасы-2 дана, А3 қағазға көбейткіш аппарат, тұғыр (күрес саханасы).

 

 

Әлеуметтік салаға трансферттерді есепке алмағанда- 6 410 512 мың теңге жіберілді (2018 жылғы нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 110% -ға (2018 ж. - 5 832 305 мың теңге):

Нысаналы трансферттер ескеріле отырып, қаланың және іргелес ауылдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен автомобиль жолдарының шығыстары-1 696 595 мың теңгені құрайды:

-аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және  елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу -200 000 мың теңге;

- елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету -65 577 мың теңге;

- сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі -19 100 мың теңге;

- елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру -102 000 мың теңге;

- елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету -30 000 мың теңге;

- жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу -5 800 мың теңге;

- елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру -506 736 мың теңге;

- автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз  ету- 737 364 мың теңге (о.і. автомобиль жолдарын қамтамасыз ету-1000 м.т.);

- әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау- 22 826 мың теңге;

-- азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету-5 500 мың теңге;

- авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзу-784 мың теңге;

- Өңірлерді дамыту  бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруға-908 мың теңге.

 

- 900 орынға арналған мектептің құрылысы-1 246 156 мың теңге;

-Алашахан көшесі, 34Д 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы -141 101 мың теңге;

- Батыс тұрғын аймақтағы жеке тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, 2 кезең (сумен жабдықтау)-361 042 мың теңге;

- Жезқазған қаласының Батыс тұрғын аймақтағы көп қабатты тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым дамыту және жайластыру—146 215 мың теңге;

- Батыс тұрғын аймақтағы жеке тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, 2 кезең (электрмен жабдықтау)-335 666 мың теңге;

- Жезқазған қаласының Батыс тұрғын ауданындағы көп қабатты үйлерге ИКИ (кәріз, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, байланыс желілері) дамыту және жайластыру-357  773 мың теңге

- Жезқазған қаласының қалаішілік су құбырлары желілерін реконструкциялау, 2 кезең-429 198 мың теңге;

- Жезқазған қаласының қалаішілік су құбырлары желілерін реконструкциялау, 3 кезең-251 003 мың теңге;

- Жезқазған қаласының қалаішілік су құбырлары желілерін реконструкциялау, 1 кезең-317 311 мың теңге;

-Жезқазған қаласының кәріз тазартқыш қондырғыларын қайта құрылымдау және жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу-23 324 мың теңге;

-Алашахан көшесі, 34Ж  көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына  жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу-11 172 мың теңге;

- Жезқазған қаласында есу спорты түрлері бойынша спорт кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу-2890 мың теңге;

- Жезқазған қаласының "Жастар" саябағын реконструкциялау-23 828 мың теңге;

- Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы газ толтырғыш пунктінің құрылысы. Алаңнан тыс тораптары-27 194 мың теңге.

- алаңнан тыс инженерлік желілер-27 214 мың теңге;

- Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту, 1 кезең-2 млрд.758 млн.406 мың теңге;

- Жезқазған қаласының кәріз тазартқыш қондырғыларын қайта құрылымдау және жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу-38 млн.838 мың теңге;

- Қарағанды және Қызылорда қалалары жағынан Жезқазған қаласына кіреберіс автожолын салуға ЖСҚ әзірлеу (бас жоспармен келісім )-100 мың теңге (конкурстық процедуралардың басына)

Үш жылдық кезеңге арналған бюджет трансферттерімен қоса алғанда  жобасы көлемінің параметрлері келесіні құрайды:

2019 жыл:

І.Кірістер-16 млрд. 666 млн.525 мың теңге;

ІІ.Шығыстар- 16 млрд.666 млн. 525 мың теңге;

ІІІ. Субвенция мөлшері – 1 млрд. 064 млн.041 мың теңге.

2020 жыл:

І.Кірістер-9 млрд.267 млн. 450 мың теңге;

ІІ.Шығыстар- 9 млрд.267 млн. 450 мың теңге;

ІІІ. Субвенция мөлшері – 1 млрд. 101 млн. 282 мың теңге.

2021 жыл:

І.Кірістер-9 млрд.396 млн.380 мың теңге;

ІІ.Шығыстар- 9 млрд. 396 млн. 380 мың теңге;

ІІІ. Субвенция мөлшері – 1 млрд. 139 млн. 827 мың теңге.

 

 

«Жезқазған қаласының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                             В.Ставицкая