«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Әлеуметтік қолдау шаралары

Әлеуметтік қолдау шаралары

Опубликовано: 22 июня 2018

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы  № 183 қаулысына  сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға мүмкіндігі бар.   

Мамандар қатарына қалаларда және басқа да елді мекендерде тұратын және ауылдық елді мекендерге тұруға әрі жұмыс істеуге ниет білдірген сәйкесінше білімдері бар тұлғалар  (түлектер ғана емес, Отанымыздың ересек әрі саналы азаматтары) да жатады. Яғни қаладағы кептелістерден шаршаған әрі ауыл балаларына білім бергісі келген кез-келген қала мұғалімі де дипломмен ауылға бара алады.

Осылайша, егер де Сіз денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен маманы болсаңыз, келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

            жетпіс есе айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы (70 АЕК немесе 2018 жыл жағдайы бойынша 168 350 теңге);

тұрғын үй сатып алу немесе салуға (сатып алынатын немесе салынатын жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы) бюджеттік кредит (1500 АЕК-ге дейінгі немесе 2018 жыл жағдайы бойынша 3 607 500 теңгеге дейін). Мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге жылдық 0,01% мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен ұсынылады.

           Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге мiндеттемелер қабылдайды.

            2009-2017 жылдар аралығында 4 млн.390,1 мың теңге жалпы сомасында көтерме жәрдемақы 34 маманға ұсынылды, оның ішінде 25 алушы білім саласының мамандары,             2 алушы  мәдениет саласының мамандары және 7 алушы агроөнеркәсіптік кешен  мамандары. Тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 19 млн.146,2 мың теңге 6 маманға ұсынылды, оның ішінде 1 алушы білім саласының маманы, 1 алушы мәдениет саласының маманы және 4 алушы агроөнеркәсіптік кешен мамандары.

            Ағымдағы жылы жалпы сомасы 673,4 мың теңге көтерме жәрдемақыны білім саласының 4 маманы, тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 5 млн.831,5 мың теңге бюджеттік кредитті білім саласының 2 маманы алды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін өтініш қабылдау мен қызмет нәтижесін беру:

жергілікті атқарушы орган «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ мекенжайы: 100602, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 каб.413

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, www.gov4c.kz арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының  «Электрондық үкімет» порталы, www.еgov.kz  арқылы ала аласыз.

          «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша туындаған барлық сұрақтар бойынша Электронды үкімет еgov.kz Бірыңғай байланыс орталығы 1414 және 8-800-080-7777 телефоны арқылы (қоңырау шалу тегін) немесе 100602 индексі бойынша Жезқазған қ., Алаш алаңы,1, 413 кабинет, 73-38-04 телефоны бойынша  «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не хабарласуға болады.

 Барынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасының электронды үкімет порталы немесе «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің веб-сайтынан алуға болады.

 

«Жезқазған қаласының экономика және

қаржы бөлімі « ММ басшысы                                                                             В.Ставицкая