«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидалары
Опубликовано: 28 мая 2018

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946 тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Өңірлік саясат және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту департаменті (С.Тұңғышбеков):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Е. Досаев

 

 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 72 бұйрығымен бекітілген

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидалары

       Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға (бұдан әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Заңның 18-бабының 8-тармағында көрсетілген мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
  2. Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай талаптарда:

      ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандардың тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн оларға кейіннен теңгемен 15 (он бес) жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесі бойынша бере отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі;

      кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды.

  1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит беру туралы шешiм қабылдайды.

      4-1. Мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың депутаттарынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын, тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және құрамына кіретін мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, жиналыс заңды болып саналады.

  1. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) уәкілетті орган комиссияның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі – Әкімші).
  2. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.

       Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.

       Бюджеттік  заңнамаға сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеу үшiн қаражат жалпы сипаттағы  трансферттер және/немесе жергілікті бюджет шеңберінде көзделедi.

  1. Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман әкiмшiге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

       осы Қағидаларға  1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

       жеке басын куәландыратын  құжаттың көшiрмесi;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

       тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен  мекенжай анықтамасы;

      2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

       тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен  мекенжай анықтамасы;

       неке туралы  куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

       аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы  анықтама;

      3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

       тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен  мекенжай анықтамасы;

       неке туралы  куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

       аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы  анықтама;

       маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін  пайдалану құқығына акт;

      кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

      кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

      берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

      Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.

      Осы Қағидаларда көзделмеген басқа да құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015  № 637 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Маман немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін жүгінген кезде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдау, сондай-ақ баламалы негізде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету (бас тарту) туралы хабарламаны алу "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Әкімші әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде комиссияға жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Комиссия Әкімшіден құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.

      Әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуден бас тартылған жағдайда, Әкімші комиссияның ұсынысы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

      маманға (егер маман құжаттарды Әкімшіге тапсырса);

      Мемлекеттік корпорацияға (егер маман құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырса) әлеуметтік қолдау шараларын беруден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Маман осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Әкімші немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – Қолхат) береді.

      Қолхат Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан екі данада жасалады.

       Маман осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) дұрыс және (немесе) толық ұсынбаған, сонымен қатар маман Заңның 18-бабы  8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Әкімші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда, Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлердің қатарынан мамандардың өтініш берген күні бойынша кезектілікті қалыптастыру жолымен әлеуметтік қолдау шараларын беруді тоқтатуға ұсыным жасайды.

      Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған мамандардың құжаттарын қайта қарау мерзімін Әкімші белгілейді және ол бір жылдан артық болмайды.

      Әкімші әлеуметтік қолдау шараларын беру мерзімін тоқтату туралы хабарламаны:

      маманға (егер маман құжаттарды Әкімшіге тапсырса);

      Мемлекеттік корпорацияға (егер маман құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырса) жолдайды.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссияның ұсынымы келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және/немесе мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын алуға есепке және кезеккке қою туралы қаулы қабылдайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасалады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Келісім жасалғаннан кейін:

      1) Әкімші бес жұмыс күні ішінде көтерме жәрдемақы сомасын мамандардың жеке есеп шоттарына аударады;

      2) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) жиырма бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит бередi.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Маманның кредит бойынша мiндеттемелерді орындауы:

       1) ол сатып алған тұрғын үйді кепілге қоюмен;

      2) салынған тұрғын үйді кейіннен кепілге қоюмен өзге жылжымайтын өтімді мүлікпен қамтамасыз етiледi.

  1. Тұрғын үйді сатып алу және салу үшін бюджеттік кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар кредиттік шартта белгіленеді.
  2. Қайталама нарықта тұрғын үйді сатып алу-сату шарты немесе салынған тұрғын үйді пайдалануға беру актісі тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредит сомасын мақсатты пайдалануды растау болып табылады.
  3. Бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит беруге маман әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы өтінішпен және осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың толық тізбесімен Әкімшіге жүгінеді.
  5. Маманның тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит беру туралы өтінішін қарау тәртібі осы Қағидалардың 9- 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
  6. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссиядан ұсыным келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде маманға мынадай шарттарды ескере отырып, тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын ұсынады:

      1) тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны қырық алты айлық есептік көрсеткіштен аспайды;

      2) тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселік мөлшерінен аспауға тиіс;

      3) тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзімі кредит берген сәттен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

       Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Маман үлгілік жобалардың ұсынылған нұсқаларымен жазбаша түрде келіскен жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі келісім алған сәттен бастап төрт жұмыс күні ішінде тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру туралы қаулы қабылдайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында Келісім жасалады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит беру осы Қағидалардың 13- 15-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Сома банктік шотқа аударылғаннан кейін маман кемінде он жұмыс күнінен бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органдарға тұрғын үй құрылысының басталғаны туралы хабарлайды.
  3. Құрылыс аяқталғаннан кейін маман Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді пайдалануға беруді жүзеге асырады.
  4. Маман салған тұрғын үй пайдалануға берілгеннен және оны ғимараттарды, құрылыстар мен (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеруді жүзеге асыратын ұйымға тіркелгеннен кейін тараптардың келісімі бойынша салынған тұрғын үйге бұрын берілген кепілді ауыстыру мүмкін.

 

Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға
әлеуметтiк қолдау шараларын
көрсету қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
облысы
_________________________
ауданының (облыстық маңызы
бар қаланың) әкiмi
____________________________
тегi, аты-жөнi
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
жұмыс орны, лауазымы
____________________________
өтiнiш берушiнiң тегi, аты,
әкесiнiң аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі –Т.А.Ә.)

 Өтініш

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

        Сiзден Келiсiмде (қоса берiледі) көрсетілген мөлшерде және шарттарда маған көтерме

       жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу)

      бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.

       __________ ____________

       күнi             қолы

       Құжаттар қабылданды:

       20__ жылғы "___" _______

       ________ ___________________________________________________________

       қолы                  құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

      ________________________________________________________________________________

       (кесу сызығы)

        Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға

       мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер және/немесе жасанды құжаттар бергенiм үшiн

      жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.

        Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге

      20__жылғы "__"_________________ қабылданды.

        Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ________ ___________________________________________________

       қолы             құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

 

Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға
әлеуметтiк қолдау шараларын
көрсету қағидаларына
2-қосымша

 

Нысан

 Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы "__"__________

       Бұдан әрі "Әкiмшi" деп аталатын "__________________" мемлекеттiк мекемесi

      атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi "Алушы" деп

       аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, екінші тараптан және бұдан

       әрi "Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)" деп аталатын ____________________________ үшiншi

      тараптан төмендегiлер туралы осы Өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:

  1. Келiсiмнiң мәні

      Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:

      1.1 Әкiмшi, _______________ мәслихатының (20 __ жылғы "__" _____ № _____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай:

      1) ___________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;

      2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит түріндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды.

      1.2 Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге мiндеттемелер қабылдайды.

      1.3 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.

  1. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      2.1 Әкiмшi:

      1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.

      2.2 Әкiмшi:

      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.

      2.3 Алушының:

      1) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;

      2) үш жылдық мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде, қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.

      2.4 Алушы:

      1) тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның Әкімшіге бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;

      2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн Әкімшіге тұрғын үй құжаттарының түпнұсқаларын алған бюджеттік кредитті толық өтегенге дейін осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

      3) Әкімшіге тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;

      4) жыл сайын Әкімшіге мекенжай анықтамасын ұсынуға;

      5) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2.5 Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):

      1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;

      2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.

      2.6 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):

      1) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;

      2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;

      3) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған және орындаудан бас тартылған жағдайда алушыдан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.

  1. Дауларды шешу

      3.1 Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай Тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

      3.2 Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.

  1. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

      4.1 Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.

       Келiсiм 20___ жылғы "__" ____________ бастап қолданылады.

      4.2 Келiсiм әр тарап үшін бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.

  1. Тараптардың заңды мекенжайлары

      Әкiмшi            Алушы       Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)

      __________________  _______________  __________________________

      __________________  _______________  __________________________

      __________________  _______________  __________________________

 

Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға
әлеуметтiк қолдау шараларын
көрсету қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

       Республикасы Заңының 20-бабының  2-тармағын басшылыққа ала отырып, ______________

       облысы _________________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдігi /

       Мемлекеттік корпорация ________________________ (мекенжайын көрсету керек), Сіздің

       мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар

       топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, __________________________ мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      ______________________;

      ______________________;

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада құрастырылған.

      _____________________________                        _____________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің)                   (қолы)

      тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      Орындаушы: Т.А.Ә.____________

      Телефон нөмірі____________

      Қабылдадым: Т.А.Ә. / қызметті алушының қолы

      "___" ___________ 20__ ж.




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК