«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Бюджет Архив ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ. Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ХVI сессиясының «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №16/156 шешімін іске асыру туралы
Опубликовано: 18 января 2018

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

26 желтоқсан 2017 жыл №33/05

Жоба

Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ХVI сессиясының «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №16/156 шешімін іске асыру туралы 

 

        Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару   және өзін-өзі басқару  туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                  23 қаңтардағы Заңына, Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы                    25 желтоқсандағы ХVI сессиясының «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №16/156 шешіміне сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2018-2020 жылдарға, оның ішінде 2018 жылға арналған қалалық бюджет келесі көлемдерде орындауға қабылдансын:

1) кірістер –  11901048 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7116863 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 45019 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 53156 мың теңге;

трансферттердің түсімдері -4686010 мың теңге;

2) шығындар – 11901048 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 368721 мың теңге, оның ішінде:

        бюджеттік кредиттер – 400029 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 31308 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге,  

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 368721 мың теңге;

        6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 368721 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 400029 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 31308 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.                 2. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің кірісі құрамында облыстық және республикалық бюджеттерден 4686010  мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер мен даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін.        

  1. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстары құрамында ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттері, кредиттер 1 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  2. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстары құрамында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 7215 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.
  3. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстары құрамында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер 2 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
  4. 2018-2020 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  5. 2018 жылға арналған қаланың жергілікті атқарушы органы резервінің сомаларын бөлу 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  6. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің құрамында Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы VI сессиясының «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет және аудандардың (қалалардың) бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» №132 шешімімен белгіленген шығыстар толық көлемде қарастырылғаны ескерілсін.
  7. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің құрамында: әлеуметтік аударымдарымен еңбекақыны төлеуді, әлеуметтік төлемдерді, коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығындар қарастырылғаны ескерілсін.
  8. Қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері белгіленген заңнамалық тәртіпте және мерзімде:

1) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын бекітсін;

2) бөлінген бюджеттік қаражаттардың нысаналы пайдаланылуы және толық игерілуін қамтамасыз етсін.

11.Талап, Малшыбай селолары әкімдеріне:

1) 2018 жылғы 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 102-1-бабына сәйкес әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын іске асыруға бағытталған ақша түсімдері мен шығыстар жоспарын жасасын және оны  жергілікті қоғамдастықтың жиналысымен келісілгеннен кейін 2018 жылдың 1 ақпанына дейін бекітсін;

2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған бекітілген ақша түсімдері мен шығыстарының  жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасасын.

12.«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ (В.А.Ставицкая):

1) белгіленген заңнамалық тәртіпте және мерзімде міндеттемелер мен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрып бекітсін және «Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жезқазған қалалық қазынашылық басқармасы» ММ ұсынсын;

2) кредиттік шарттарға сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген кредит қаражатын толық көлемде уақытылы қайтаруды қамтамасыз етсін.  

  1. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Ә.Мұхамбединге жүктелсін.

 

Жезқазған қаласының әкімі                                                            Б. Ахметов

 

қаулының косымшасы