«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Бюджет Архив ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Опубликовано: 18 января 2018

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ                     

2017 жылғы 25 желтоқсан  №16/156

Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 4517 болып тіркелген                   

 

2018-2020  жылдарға  арналған қалалық  бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты  ШЕШІМ  ЕТТІ:

  1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 11901048 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7116863 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 45019 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 53156 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 4686010 мың теңге;

2) шығындар -  11901048 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 368721 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 400029 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 31308 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге,

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 368721мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                  368721 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 400029 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 31308 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2018 жылға арналған қала бюджеті түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен 1297220 мың теңге сомасындағы субвенциялар көзделгені ескерілсін.
  2. 2018 жылға арналған қалалық бюджетте Кеңгір ауылдық округінің бюджетіне қалалық бюджеттен берілетін субвенцияларының мөлшері 72363 мың теңге сомасында қарастырылсын.
  3. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің түсімдерінің құрамында облыстық және республикалық бюджеттерден 3388790 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер мен даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін.
  4. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстары құрамында ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттері, кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  5. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстары құрамында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын қолдау шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен 7215 мың теңге бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.
  6. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстары құрамында 5 қосымшаға сәйкес Талап және Малшыбай ауылдық әкімдер аппаратының шығындары ескерілсін.
  7. 2018 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстары құрамында 6 қосымшаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
  8. 2018 жылға арналған қалалық бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  9. Қалалық бюджетті атқару үрдісінде еңбек ақы төлеу шығыстары секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
  10. 2018 жылға қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне, қызметтiң осы түрлерiменқалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
  11. 12. Жезқазған қаласы атқарушы органының 2018 жылға арналған резерві 49585 мың теңге сомасында бекітілсін.
  12. 13. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

                      

                                                                            

Сессия төрағасы                                                                          С.Сурнин 

 

Қалалық мәслихаттың хатшысы                                              С.Медебаев

 

шешімнің қосымшалары