«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қызметінің паспорты

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қызметінің паспорты

Опубликовано: 30 марта 2017 . Обновлено: 04 апреля 2017

 

Қызмет атауы

 

1

Қызмет ұсынушы мемлекеттік орган

«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ

2

Көрсетілетін қызмет алушының қызметі

ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандары

3

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны *

автоматтандырылмаған

4

Қызмет ұсынылатын орын

«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ: 100602, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1

5

Қызметті ұсыну тәртібі

1)   өтініштер мен  құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру, өтініштер мен  құжаттарды басшылыққа (кеңсе) тапсыру;

2)   ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру, қаржылай қаражаты қажеттілігін есептеу, өтініштер мен құжаттарды Комиссияға (жауапты орындаушы) тапсыру;

3)   Комиссияның өтініштер мен құжаттарды қарауы;

4)   Комиссия ұсынысы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулыны қабылдау (аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі);

5)   мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (қызмет беруші) беру.

6

Қажетті құжаттар

1.Көтерме жәрдемақы алған кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
 4) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
5) көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
6) тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
 2.Көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
4) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
5) сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
6) көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
7) тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
8) неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
 9) аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
  3.Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2)жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
 3)жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
4) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
5) көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
 6) тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
7) неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
8) аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
 9) маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
10) кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
11) кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

12) берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

7

Қызмет құны және төлем тәртібі

Тегін көрсетіледі

8

Қызметті көрсету үдерісінің сипаттамасы

1)өтініштер мен құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті алушының құжат көшірмелері мен түпнұсқаларын салыстыру, қолхат беру (кеңсе қызметкері) – отыз минуттан аспайды;

2)ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру, қаржылай қаражатының қажеттілігін есептеу (жауапты орындаушы) – құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде; 3)ұсынылған құжаттарды қарау және күнтізбелік он күн ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) (Комиссия) әкімдігіне ұсыныс беру;
4)аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі күнтізбелік он күн ішінде қаулыны қабылдау; 5)күнтізбелік жеті күн ішінде Келісім жасау (көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті алушы және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент));

6)көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті беруші) жеке есеп шотына көтерме жәрдемақы сомасын аудару – күнтізбелік жеті күн ішінде;

7)тұрғын үйді сатып алуға немесе салуға кредит беру (сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)) – отыз жұмыс күні ішінде.

9

Қызметті көрсету мерзімдері

 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:
    көтерме жәрдемақы - күнтізбелік 39 (отыз тоғыз) күн;
    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келісім қорытындысы - күнтізбелік 32 (отыз екі) күн;
    Келісім жасалғаннан кейін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит - 30 (отыз) жұмыс күні;
 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 минут;
 3) қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 30 минут.

10

Қызмет көрсету нәтижелері  

 көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары

11

 Нормативтік құқықтық актілер**

1)        «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы  мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау  туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы 183 қаулысы (одан әрі - Қаулы);

2)        «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің  2014 жылғы 6 қарашадағы  №72 бұйрығы;

3)        «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы  мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің  м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы  №275 бұйрығы;

4)        «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы  мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»  Қарағанды облысының әкімдігінің  2015 жылғы 26 мамырдағы №27/04 қаулысы.

Жауапты тұлғалардың координаттары:

  1. С.К.Аманжолова
  2. Сектор меңгерушісі
  3. Жұмыс телефон: 73-38-04
  4. Ұялы телефон: 8 702 201 64 18