«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік мекеменің Ережесі
Опубликовано: 17 февраля 2010 . Обновлено: 05 июля 2019
              Жезқазған қаласы
            әкімдігінің 2013 жылғы
            «17» қыркүйектегі
         №20/01  қаулысымен
                      БЕКІТІЛГЕН
 
 
«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
  
               Жезқазған қаласы
1.    Жалпы ережелер
 
1. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлауды дамыту және қалыптастыру, бюджеттің атқарылуын және қаланың коммуналдық меншігін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,                  Қарағанды облысы, 100602  Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 
2.    Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
 
13. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
- қаланың деңгейінде мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдылықтары мен стратегиялық мақсаттарын ескеріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейін және экономиканың өсуін тұрақтандыруға қол жеткізетін экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру;
-  тікелей және соңғы нәтижеге қол жеткізуге бейімделген бюджеттің атқарылуының айқын болуын,  сонымен қатар қалалық коммуналдық меншікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
14. Міндеттері:
                1)  қалада мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру;
                2) қаланың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүзеге асыру,  қаланың Даму бағдарламасын, Әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамын қалыптастыру арқылы мемлекеттің экономика саласындағы саясатын іске асыруға қатысу;
          3) мемлекеттік бюджеттік саясатты  салықтық және ақшалай-несиелік саясатпен  өзара ықпалдастыру арқылы жергілікті деңгейде қалыптастыру және жүзеге асыру;
                4) нәтижеге  бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің   іс-әрекетін қамтамасыз ету;
                5)  бюджеттің жоспарлану және атқарылу сапасын арттыру;
                6) бюджеттік инвестицияларды жоспарлау барысында басымдықтарды қалыптастыру;
                7)  бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
                8)  бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың үдерісін үйлестіру;
                9)  қалалық коммуналдық меншікті ұтымды пайдалану.
15. Функциялары:
          1) қаланың Даму бағдарламасын, Әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамын дайындау;
                2) қаланың атқарушы органдарының мәліметтерін  жинақтау арқылы қаланың Даму бағдарламасының мониторингін жүргізу;
                3) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі;
                4) экономикалық ахуалды талдау және экономиканың дамуы бойынша  барлық мүмкіндіктерді қабылдау;
                5) бюджеттік жоспарлау үдерісіне  әдістемелік басшылық;
                6)  бюджеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру, бюджеттік комиссия отырыстарына материалдар дайындау;
                7)  Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде үш жылдық мерзімге арналған қалалық бюджетті, Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және қаланың Даму бағдарламасын қалыптастыру;
                8) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және  олар бойынша қорытындылар әзірлеу;
                9) кірістер мен шығыстарды негізделген экономикалық жоспарлау негізінде бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын дайындау және бюджеттік комиссияның қарауына ұсыну;
                10) ортамерзімдік кезеңге арналған жергілікті бюджетке кірістерді болжамдау;
                11) сәйкес кезеңдегі қаланың экономикасының жағдайы туралы баяндама, ақпарат дайындау;
                12) басымды бюджеттік  инвестициялық жобалардың тізбесін және бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мониторингін  қалыптастыру, есептер дайындау;
                13)   қала   бюджетінің     жобасын     қалыптастыру    (кіріс  және   шығыс бөлігі, бюджетаралық қатынастар), қалалық бюджетті нақтылау және түзету мәселелері бойынша  талдамалы ақпараттар, анықтамалар дайындау;
                14)  қалалық бюджет туралы қалалық мәслихаттың сессиясының шешімін іске асыру туралы қаулының жобасын, стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы қаулының жобасын және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қаулы жобасын қала әкімдігіне  әзірлеу және ұсыну;
                15) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
                16)  қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен есептілікті және заңдылықтармен бекітілген басқа есептерді жүргізу;
                17)  қалалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
                18) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіп пен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту және бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;
                19) қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларының ай сайынғы бөлінуін жинау, талдау және бағалау арқылы қалалық бюджеттің қаражаттарын игерудің мониторингін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарына енгізетін негізділігін, қаржыландыру жоспарларын орындамау себептерін айқындауды, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есепті құрастыруды жүзеге асыру;
                20) бюджеттің атқарылуы кезінде бюджеттік даму бағдарламаларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
                21) төлемдер жүргізу үшін  алдағы кезеңде бюджетке ақша түсуден күтілетін көлемін анықтау арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіппен бюджеттік ақшаларды басқару;
22) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын  тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын келісу;
23) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жүргізген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалау бойынша қорытындылар дайындау; 
                24) түсімдердің болжамдық көлемдерін ескеріп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың айлық кестесіне өзгерістер енгізу;
                25) іске асыру тиімділігін одан әрі көтеру, әрі қарай іске асырылуының мақсатқа лайықтылығын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруда бюджеттік қаражаттарды қысқарту бойынша ұсыныстар дайындау;
                26) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау туралы шешім қабылдау және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 4-тарауында белгіленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланатын мүлікке ақшалай өтем төлеу;
27) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың жиынтық номенклатурасы мен жоспарын үйлестіру;
                28) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу  барысында жергілікті мазмұндағы көлем туралы ақпарат ескеріле отырып есепті жинау, жинақтап қорыту және талдау тәртібін анықтау;
                29) қаланың коммуналдық меншігін басқару,  қала әкімінің өкімімен бекітілген қалалық коммуналдық меншікті иелену, сонымен қатар пайдалану, оның ішінде акционерлік қоғамдардың акциялар пакетімен және қалалық коммуналдық меншікте тұрған шаруашылық серіктестіктерінің үлестері бойынша өкілеттікті жүзеге асыру;
                30) қаланың коммуналдық меншігінің есебін алу, түгендеу жүргізу,  белгіленген тәртіпте қаланың коммуналдық меншігінің тізілімін  жасау;
                31) мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару  саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды өз құзіретінің аясында орындау;
                32) коммуналдық меншікті тиімді және  ұтымды басқару мәселелері бойынша қаланың коммуналдық меншігіне жататын мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындармен жұмыс жүргізу;
                33) қалалық коммуналдық меншікке жататын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығымен мемлекеттік мүлікті бекітіп беру және қайта бөлу;
                34) қаланың мемлекеттік заңды тұлғаларына бекітілген негізгі құралдарға алым-берім жасау және есептен шығару мәселелерін келісу;
                35)  қаланың коммуналдық меншігінің тиімді пайдалануын ұйымдастыру және тексеру, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті  атқарушы органның пайдалануына және иелігіне берілген және қаланың коммуналдық меншігінде тұрған, акция  пакеттерін және қатысу үлесін басқарудың тиімділігін бақылау;
                36) жекешелендіруге жататын қалалық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін  қалалық әкімдікте қарау үшін ұсыныстар енгізу және негіздеу әрі жекешеленуі облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жүргізілуі мүмкін қалалық коммуналдық  мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу;
                37)  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру жариялау үшін  мерзімді басылымды анықтау бойынша конкурс өткізу;
                38)    қаланың коммуналдық меншігін  сеніммен басқару шарты бойынша  сеніммен басқарушының міндеттемесін орындауын бақылауды жүзеге асыру;
                39) қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіру, оның ішінде  жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін  делдалдар тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісіне сату-алу шартын дайындау және жасау, сату-алу шартының шарттарының  орындалысын бақылау;
                40) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншікті бір түрінен екінші түріне беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
                41) мемлекет бақылайтын, акцияларын иелену мен пайдалану немесе  қатысу үлестері әкімдіктің тиісті шешімімен бөлімге берілген акционерлік қоғамдар мен тиісті саланың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
                42) қалалық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе жеке шаруашылық қызметі барысында сатып алынған мүлікті  қайтып алу немесе қайта бөлуді тиісті саланың өкілетті органының келісімі бойынша жүзеге асыру;
                43) мемлекеттік мүліктің мақсатты пайдаланылуын бақылау қорытындысы бойынша анықталған қалалық коммуналдық заңды тұлғаның  артық,  пайдаланбайтын немесе өз орнында пайдаланбаған мүлкін, тиісті саланың өкілетті органының келісімінсіз бақылауды жүзеге асырылғаннан кейін алты ай  өткен соң қайтып алуды жүзеге асыру;
                44)          қалалық коммуналдық заңды тұлғаны қайта құру және жоюды жүзеге асыратын тиісті саланың өкілетті органымен келісу;
                45)          қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға)  ұсыну және жалдау келісімдерін жасау;
                46)  қалалық коммуналдық заңды тұлғаға бекітілген мүліктік жалға (жалдауға) ұсынылған мүліктерге талдау жүргізу;
47)          қалалық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдау;
48) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен қалалық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
49)          қала әкімдігінің шешімі бойынша қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру;
50)          Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен анықталған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру;
                51)          ИСО 9001 ҚР СТ талаптарына сәйкес мекемеде сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және жетілдіру бойынша жұмысты жүзеге асыру;
52)          бөлімнің балансындағы коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
53)          бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындау.
                16. Құқықтары мен міндеттері:
                1)            қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
                2)            өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрату және алу;
                3)            өзінің құзіреті шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта құру, сонымен қатар тарату мәселелері бойынша ұсыныс жасау;
                4)            сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін келісімі бойынша  жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сол сияқты тәуелсіз сарапшыларды тарту;
                5)            өзінің құзіреті шегінде жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарының  келісімі бойынша мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау құжаттарын дайындау және беру;                       
                6)            бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мониторингі барысында бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттардың игерілмеуін игерілмеу себептері мен бағдарламаларды іске асыру туралы ұсыныстарын көрсетіп, қала әкімдігіне; бюджеттік қаражаттарды игерудің қаржыландыру жоспарынан қалып қою дерегі бойынша қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне;  жекелеген бюджеттік бағдармалар бойынша жылдық жоспарлы тағайындауларды қайта қарау қажеттігі туралы тиісті бюджеттік комиссияларға ақпарат жіберу;
7) заңдармен көзделген жағдайларда секвестр байқалатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтату;
8) қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен келісу бойынша түсімдердің болжамдық көлемі ескеріліп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың айлық кестесіне өзгерістер енгізу;
9) қаланың коммуналдық меншігіне иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заң актілерінде белгіленген жағдайларда билік ету;
10) Қазақстан Республикасының басқа да заңдылықтарымен белгіленген басқа да  өкілеттіктерді жүзеге асыру.
 
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
 
17. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жезқазған қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өзінің орыбасарының және мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің басқа қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметшілерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
4)     қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да барлық                        мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан әрекет етеді;
5)  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңына сәйкес қарауындағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы                 іс-қимылы үшін дербес  жауапты болады;
                6) қала әкімінің тапсырмалары және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
22. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы басқарады.
 
4. Мемлекеттік органның мүлкі
 
23. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болу мүмкін.
«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай- ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бектілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
 
26. «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
 

Жезқазған қаласы әкімдігінің

2019 ж. 07 маусым №19/08

қаулысымен бекітілген

«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесіне қосымша

 

 

  1. 2 тараудың 13 тармағы «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

- бекітілген Тізбемен айқындалатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету.

  1. 2 тараудың 14 тармағы «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері келесі мазмұндағы 10 тармақшамен толықтырылсын:

10)  бекітілген Тізбемен айқындалатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету.

  1. 2 тараудың 15 тармағы «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары келесі мазмұндағы 54 тармақшамен толықтырылсын:

54)  бекітілген Тізбемен айқындалатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету.